Бокс

Қазақ баласы әлем чемпионатында өзбек боксшысынан оңбай жеңілді

Ахмет Қанатұлы
Қазақ баласы әлем чемпионатында өзбек боксшысынан оңбай жеңілді
Фото: ашық дереккөзден. Суретте: Дәулет Төлемісов

Қазақстан құрамасы Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші жеңілісін тіркеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

86 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда өткен жекпе-жекте қазақстандық Дәулет Төлемісов өзбекстандық әлем чемпионына төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (0:5) жол берді. Бірінші және екінші раундтарда рефери Төлемісовке нокдаун санаған. Осылайша ол турнирдегі жорығын аяқтады, ал қарсыласы келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасынан жарысты Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) аяқтаған еді.

Ахмет Қанатұлы