Спектакль басталды: Ресейлік боксшылар жүрген жерде әділеттілік ешқашан болмайды (ФОТО)

Спектакль басталды: Ресейлік боксшылар жүрген жерде әділеттілік ешқашан болмайды (ФОТО)

фото: видеодан скриншот

"Бақтығалиев" есімді Threads қолданушысы әрі спорт шолушысы IBA жүйесіндегі әділетсіздікті сынға алып, қазақ боксшысының айқын жеңісі ресейлік спортшыға "сыпайы түрде" берілгенін жазды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның айтуынша, рингте қазақ боксшысы қарсыласын бірнеше мәрте ауыр соққыға жыққан, нокдаун тіркелген, тіпті ресейлік боксшы ескерту алған. Соған қарамастан, төрешілер ұпайды Ресей өкіліне жазған.

Комментатордың өзі эмоциясын жасыра алмай: "Спектакль басталды!" – деп айтқан.

Спорт шолушысының пікірінше, ресейліктер басқарған жерде әділдік күту бекер. Сол себепті ол Қазақстанды IBA құрамынан шығып, әділ жүйені ұстанатын World Boxing форматына көшуге шақырды.

"Ресей спорттан қаншалық алыстаса – әділет соғұрлым жақын болады", – дейді ол.