"Арамызда қалсын": Тұрсынбектің әйелі мен жас жігіттің дуэті жұртты ойға қалдырды

"Арамызда қалсын": Тұрсынбектің әйелі мен жас жігіттің дуэті жұртты ойға қалдырды

Әлеуметтік желіде танымал әнші Мөлдір Мұқанның жаңа дуэті қызу талқыға түсті. Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасында бұл жұмыстың жай ғана ән емес, жүрек пен шабыттың тоғысқан сәті екенін айтты:

«Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі...» – деп жазды Мөлдір.

Оқырмандардың назары әннің мағынасы мен орындаудан бөлек, жас жігітпен бірге айтылған дуэтке ауды. Көпшілік оның қасындағы серіктесін – @amantai_aben деген парақшамен белгілеген жігітті бірден байқады. Бұл да әншінің жазуындағы: «Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын» деген жолмен үндесіп жатыр.

Желі қолданушылары не дейді?

Пікірлер легі сан алуан: біреулер ән мен бейнебаянды мақтаса, енді біреулер әншінің жеке өміріне алаңдаушылық білдірді.

«Айдананың қызыл армиясынан келгендерміз!»

«Тұрсынбек не дейді екен?»

«Тұрсынбек қайда сонда? Жас қызға кетіп қалған ба?»

«Өсекті ұнатпаймын, бірақ Сәкен Майғазиевтің тойына Мөлдір жалғыз келді, сол кезде көбісі сұрады – Тұрсынбек қайда деп. Енді түсінікті»

«Баласындай бала мен қалай мынандай ән айтады? Сөзге мән береді ме екен өзі?»

Мұндай пікірлердің тууына Мөлдірдің бұған дейінгі отбасылық жағдайлары мен жеке өмірі жайлы қауесеттердің жиі айтылуы себеп болғандай.

Махаббат па, маркетинг пе?

Көпшілік бұл дуэтті тек музыкалық жоба емес, маркетингтік жүріс деп те бағалап жатыр. Қоғамда «Мөлдір мен жас жігіттің арасындағы қарым-қатынас бар ма?» деген сұрақтар толастаған жоқ. Ал кейбірі мұны таза өнер ретінде қабылдап, әншіге сәттілік тілеген.

«Жаныыыым, нәп-нәзік даусыңнан айналдым, систер моя!», «Қайрат Нұртас из Пиндуодо ғой мынауың», «Дауыс, орындау — бәрі керемет! Тек алға!» – деп қолдау білдірушілер де жетерлік.