37 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

37 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

фото: aiba.org. Суретте: Теміртас Жүсіпов

Теміртас Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

48 келі салмақта сынға түскен тәжірибелі боксшы 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкимен кездесіп, үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бөлінген шешімімен басым түсті – 4:0. Екі төреші жекпе-жекті 30:25 және 30:26 есебімен Жүсіповтің пайдасына бағаласа, үшінші төреші 28:28 нәтижесін көрсетті.

Осы жеңістің арқасында 2013 және 2019 жылдары Азия чемпионы атанған, 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің ширек финалына шықты. Ал үндістандық қарсыласы турнирін осы кезеңде аяқтады.

2025 жылғы әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.