фото: ашық дереккөзден
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері доипнгке қатысты жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшының менеджері Берік Сұлтан Instagram желісіндегі ресми парақшасында допингке қатысты даумен айналысып жатқан арнайы мамандар бар екенін жазды.
"Допинг дауын шештіңдер ме?" деп сұрап жатқан ағайын, оны мен де, Жәнібек те шеше алмаймыз. Онымен айналысатын Америкада промоутеріміз, менеджеріміз бен адвокатымыз бар. Солар айналысып жатыр. Бұл солардың ресми шаруасы. Біздің іс – тек күту. Жақында анализдің екінші қорабын ашатын күнді белгілейді. Ол да бірден бола салатын шаруа емес екен. Күту керек", – деп жазды Берік Сұлтан.
Бұған дейін Берік Сұлтан Instagram желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанға келгендерін жазған еді.
