фото: Данияр Майлыбаев. Суретте: Санатәлі Төлтаев
Қазақ боксшысы Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Енді ол Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
67 кг салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Санатәлі Төлтаев бразилиялық Кассио Сантос Оливейруді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңді.
2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері әрі 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев енді аса атақты қарсыласпен, Париж Олимпиадасының чемпионы әрі екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездеседі.
IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.