"Қайраттың" маңызды ойыны алдында Дастан Сәтпаев шетелге кетіп қалды

"Қайраттың" маңызды ойыны алдында Дастан Сәтпаев шетелге кетіп қалды

фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Дастан Сәтпаев

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қазіргі уақытта Германияда ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты журналист Эльдар Аманбаев хабарлады.

Оның жазуынша, талантты жас футболшы командасымен бірге елордаға сапар шекпеген.

"Қазақстан футболының ең жарқын жұлдыздарының бірі Дастан Сәтпаев бұл жолы "Қайратпен" бірге Астанаға келген жоқ. "Челсидің" болашақ шабуылшысы жарақатына байланысты Германияда емделуде", – деп жазды Аманбаев Telegram-арнасында.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының 6-турындағы "Қайрат" – "Олимпиакос" матчы 9 желтоқсанда Астанада өтеді.