Айбек Оралбай өзбектің екі дүркін Олимпиада чемпионымен бірге тосыннан көзге түсті (ВИДЕО)

Айбек Оралбай өзбектің екі дүркін Олимпиада чемпионымен бірге тосыннан көзге түсті (ВИДЕО)

фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Айбек Оралбай мен Баходир Жалолов

Қазақстандық әлем чемпионы Айбек Оралбай жанкүйерлерін ерекше сәтпен қуантты. Әдетте рингте кездесетін Айбек бұл жолы Өзбекстанның суперауыр салмақтағы жұлдызы Баходир Джалоловпен бірге футбол алаңында бой көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Боксшылардың бірлескен жаттығуы барысында олар футбол матчын ойнап, спорттың мүлде басқа түрінде шеберліктерін байқатты. Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев қызықты сәтті Instagram-парақшасына "Футбол күні" деген қысқа жазбамен бірге жүктеді.

Видео кадрларынан Айбек Оралбайдың шабуылға шығып, допқа таласқанын, ал Баходир Джалоловтың пас таратып, ойынға белсенді қатысқанын көруге болады.

Айбек Оралбайдың басты жетістіктері:

  • 2025 жылы World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионы атанды;
  • халықаралық жарыстарда Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі.