WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан Instagram желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанға келгендерін жазды.
"Аллаға шүкір, ауылға аман-есен келдік. Жақсылап демалу керек. 4 ай біраз шаршап қалдық. Оңай болған жоқ! Бокс шаруасымен мамандар айналысып жатыр. Көкпарда жолыққанша", – деп жазды Берік Сұлтан.
Еске салайық, чемпиондық жекпе-жекке дайындық кезінде Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке іліккен. Боксшы бұл айыптауды жоққа шығарып, өзінің аты-жөнін ақтау үшін барлық заңды шаралар жасалып жатқанын мәлімдеген.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы күндері қозғалған допинг дауына байланысты әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне арнайы үндеу жариялады.