фото: ашық дереккөзден. Суретте: Еркебұлан Тоқтар
Танымал актер әрі поп-ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтарға мемлекеттік сыйлық табысталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді", – деп жазды Еркебұлан Тоқтар.
29 жастағы Еркебұлан Тоқтар өз мансабында ММА ережесі бойынша 14 жекпе-жек өткізген. Соның 11-інде жеңіске жетсе, 3 жекпе-жекте жеңіліс тапқан.
Айта кететін жайт – Еркебұлан Тоқтар өнер жолын кино саласынан бастаған. Ол осы уақытқа дейін "Зеро", "Бишарашки", "Научи меня жить", "Тимучин" секілді киноларда басты рөлдерді сомдаған.