Абылайхан Жүсіповтің алғашқы жекпе-жегі нокдаунмен аяқталды (ВИДЕО)

Абылайхан Жүсіповтің алғашқы жекпе-жегі нокдаунмен аяқталды (ВИДЕО)

фото: UESLEI MARCELINO/POOL/AFP via Getty Images. Суретте: Абыйлахан Жүсіпов

Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Абылайхан Жүсіпов жарыстың 1/16 финалында армениялық боксшы Арарат Арутюнянмен кездесті. Үш раундқа созылған тартыстың қорытындысы бойынша қазақ боксшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Жекпе-жек барысында Абылайхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді: Бұл жеңістің арқасында Абылайхан Жүсіпов келесі кезеңге өтті, ал Арутюнян жарыстағы жолын аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Чбұл додада 13 салмақ дәрежесінің бәрінде сынға түсіп жатыр. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады, жалпы жүлде қоры – 8,32 млн доллар.