"Еңбегі таза, жүрегі таза": Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар тарады (ВИДЕО)

"Еңбегі таза, жүрегі таза": Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар тарады (ВИДЕО)

фото: No Limit Boxing. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Жәнібекпен бір залда жаттыққан күндеріміз көп. Аға мен іні болып араластық, бір-бірімізді әрқашан сыйлап жүрдік. Мен оның қандай спортшы екенін жақсы білемін – еңбегі таза, ниеті таза, жүрегі таза жігіт. Өмірде де, спортта да сынақ болады. Бірақ үлкен спортта кімнің қандай адам екені жақыннан көрінген кезде білінеді. Мен Жәнібекке тек қолдау білдіремін. Ол Қазақтың атын көтерген мықты жігіт. Алла бәріне әділдік берсін, еңбегі еленсін", – деп жазды Сұлтан Заурбек.