Елге танымал боксшы допингке түсіп қалған Жәнібек Әлімханұлы туралы қуанышты хабарды айтты

Елге танымал боксшы допингке түсіп қалған Жәнібек Әлімханұлы туралы қуанышты хабарды айтты

фото: sportinside.kz коллажы

Әлемдік бокс аңызы Рой Джонс орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жағдайына қатысты пікір білдірді. Жақында боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болған еді, деп хабарлайды Kazinform.

Одан Жәнібектің жағдайы қалай аяқталуы мүмкін деген сұрақ қойылғанда, Рой Джонс былай деп жауап берді:

"Жәнібек мұндай жағдайға тап болған алғашқы боксшы емес. Дәл мұндай жағдай "Канелода" да болды, бір кезде маған да тап болды. Сондай-ақ басқа да спортшылар мұндай кезеңнен өткен. Егер бұл шынымен қателік болса және оның себебін түсінсе, ол мұны қайталамайды. Маңыздысы – осы.
"Канело" кезінде тұрып қалған еттен проблема болғанын айтты. Ал мен бірде Ripped Fuel қоспасын қабылдап, менің ағзамнан допинг табылған. Егер Жәнібек не болғанын дұрыс түсініп, болашақта бұдан сақтанса, бәрі жақсы болады. Ол мұндай жағдайға тап болған бірінші де, соңғы да боксшы емес", – деді Джонс.