фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы
WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты жаңа хабар тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлеуметтік желіде боксшының менеджері Берік Сұлтанның видеосы тарады. TikTok желісіндегі "yeleussinov_team" атты парақша көпшілік күтпеген, тосын видео таратты.
"WADA-дан арнайы келіп, допинг тест алды. Жәнібектің үйіне келіп алды. Білесіздер, олар айтпай, ескертпей келеді. Кеше жауабы келді, барлығы таза. Бізді білесіздер, біздің команда таза спортты қолдайды", – деді Берік Сұлтан.
Алайда бұл видео жақын арада түсірілімегенге ұқсайды. Ресми ақпарат әлі шықпады.