"Ауруы асқынып кетті": Елге танымал футболшы "өлім мен өмір" арасында қалып қойды

"Ауруы асқынып кетті": Елге танымал футболшы "өлім мен өмір" арасында қалып қойды

фото: ашық дереккөзден

"Ростов", "Локомотив", "КАМАЗ", "Ротор" және "Динамо" клубтарында ойнаған танымал футболшы Исо Каньенда 43 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алғашқы ақпарат тез тарағанымен, кейін қарама-қайшылықтар туындады – кей дереккөздер бұл жалған жаңалық болуы мүмкін екенін жазды. Алайда бірнеше сағаттан соң оның қазасы ресми түрде расталды.

Алғаш болып жаңалықты малавийлік Luntha басылымы таратқан. Онда Каньенда біраз уақыт бойы бауыр ісігімен күресіп келгені айтылған. Алайда арада бір сағат өтпей жатып редакция кешірім сұрады – футболшы әлі тірі екені анықталған.

"Қателігіміз үшін шын жүректен кешірім сұраймыз, әсіресе Каньенданың отбасы мен жақындарынан", – делінген хабарламада.

Бірақ көп ұзамай Малави футбол федерациясы футболшының Ұлыбританияда шынымен де өмірден өткенін хабарлады. Ел президенті Артур Питер Мутарика ресми қайғыру хатын жолдады:

"Біз ел аңызын жоғалттық. Каньенда Африка мен Еуропада ел атын асқақтатты. 2010 жылғы Африка кубогына шығуда басты рөл атқарды. Ол футболды тастағаннан кейін де спортты дамытуға үлес қосты. Жаны жәннатта болсын, аңыз".

Бірнеше сағаттан кейін Luntha ақпаратты қайта жариялап, Малави парламенті Каньенданы еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялағанын хабарлады.

Исо Каньенда Ұлыбританияда ем алып, сол жерде өмір сүріп жатқан. Сондықтан оның денесін Малавиге жеткізу өте қымбатқа түсетіндіктен, футболшы Ұлыбританияда жерленетін болды.