Бибосынов жұдырықтасады: Бүгін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Бибосынов жұдырықтасады: Бүгін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Сәкен Бибосынов

Бүгін, 6 желтоқсанда бокстан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының төрт бірдей мүшесі рингке шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Күндізгі сессия –18:00 (Астана уақыты бойынша)

Алғаш болып 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов шаршы алаңға шығады. Оның Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузинге қарсы жекпе-жегі шамамен 20:45-те басталады.

Кешкі сессия – 22:00

Кешкі бағдарламада үш қазақ боксшысы ел намысын қорғайды:

Даниял Сабит (51 кг) – Кения спортшысы Кельвин Майнамен кездеседі. Ал Сәкен Бибосынов (54 кг) – Ботсвана өкілі Катлего Кеорапецемен рингке шығады. Екі жекпе-жек те шамамен 22:30-да басталады.

Соңғы болып Серік Теміржанов (60 кг) рингке көтеріліп, Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен күш сынасады. Бұл кездесу шамамен 00:15-те өтеді.