фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Ерасыл Жақпеков
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Ерасыл Жақпеков турнирдегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо елінің өкілі Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ аяқтады. Раунд барысында қазақ жігіті қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Үшінші нокдауннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, Ерасылдың мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін жариялады.
2024 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы әрі 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Ерасыл Жақпеков осылайша турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлемдік біріншілікпен қоштасты. Айта кетейік, Жақпеков 2025 жылы Нидерландтағы Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған, сондай-ақ 2017 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған спортшы.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына барлық 13 салмақ санаты бойынша қатысып жатыр. IBA ұйымдастырып жатқан бұл бәсеке 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.