"Бомж": Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласы оны келеке етіп, балағаттады

"Бомж": Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыласы оны келеке етіп, балағаттады

фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли

Бұрын Жәнібек Әлімханұлымен рингте жолығып, одан жеңілген британ боксшысы Дензел Бентли қазақ чемпионының допинг дауына байланысты оны қатты сынға алып, ауыр сөздермен балағаттады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Желіде белсенділік танытқан Бентли X (Twitter) платформасында Жәнібекке қатысты сын пікірлерді бірнеше рет бөлісіп, өз ойларын да ашық жазған.

Бір жазбасында ол Жәнібекті "бугимен" (балаларды қорқытатын ертегілік кейіпкер) деп келеке қылып:

"Құрысын, мына жалған бугимен допинг-тестен өте алмай қалды", – деп жазды.

Ал басқа бір жазбасында тіпті Әлімханұлын "құрыған бомж" деп тіл тигізген.

Айта кетейік, екі боксшы 2022 жылы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Жәнібек бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жеткен.

Сол уақыттан бері Бентли бірнеше рет реванш сұрап, "Qazaq Style"-ға қайта жекпе-жек өткізуді ұсынған еді.