2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады

2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады

фото: Antoine Gyori/AGP/Corbis via Getty Images

Соңғы жылдары Каспий теңізінің су деңгейі айтарлықтай төмендеп, "МАЭК" ЖШС-нің каналы арқылы келетін су көлемі күрт азайғаны белгілі.

Бұл жағдай кәсіпорынның толыққанды жұмысын шектеп, қала тұрғындарын ауыз сумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге қауіп төндірді. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Осы күрделі жағдайға байланысты 2023 жылы қалада жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Мәселені шешу үшін Ақтау қаласы әкімдігі канал түбін тереңдету жобасын әзірлейтін мекемені таңдап, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

Әкім Әбілқайыр Байпақовтың айтуынша, каналды тереңдету жұмыстары 2026 жылы басталып, екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Admin
Admin
Автор