фото: ашық дереккөзден
Mortal Combat фильмі мен "The Man in the High Castle" сериалында ойнаған актер Кэри-Хироюки Тагава өмірден өтті.
Америкалық, жапон тектес актердің 75 жасында инсульттан кейінгі асқынулар салдарынан дүние салғанын оның отбасы Deadline порталына хабарлаған.
Тагава Калифорния штаты Санта-Барбара қаласында, балалардың қасында көз жұмған.
Ол Mortal Combat фильміндегі Шан Цун есімді сиқыршы кейіпкерін сомдап, аталған бейнеойын бойынша жасалған жобаларда да кейіпкерге дауыс берген. Сонымен қатар, ол "Теккен" және "Теккен 2" фильмдерінде Хэйхати Мисимудың рөлін ойнады.
Сондай-ақ Тагава "Соңғы император", "Гейшаның естеліктері", "Өлтiру лицензиясы", "Перл-Харбор", "Маймылдар планетасы", "Электра", "Хатико: ең адал дос", "47 ронин" фильмдерінде өнер көрсеткен.
