Әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының алғашқы жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

Әлем чемпионаты: Қазақ боксшыларының алғашқы жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

фото: ViktoriiaNovokhatska / Getty Images

Бүгін Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасынан алғашқы жарыс күнінде рингке тек бір боксшы шығады: Нурмагамед Юсупов 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алдын ала кезеңде Тәжікстан боксшысы Навруз Джафоевпен кездеседі. Жекпе-жек кешкі сессияда А рингінде (11-ші жұп) өтеді. Кешкі сессия Қазақстан уақыт бойынша 22:00-де басталады. Кездесуді осы сілтеме арқылы тікелей эфирде көре аласыздар.

Қазақстан құрамасы IBA әлем чемпионатына 13 салмақ дәрежесінің бәрінде қатысып отыр. Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады.