Жәнібектің командасы нашар: Допингке кінәлілер алыстан емес, жақыннан табылды

Жәнібектің командасы нашар: Допингке кінәлілер алыстан емес, жақыннан табылды

фото: Janibek Alimkhanuly team

WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер, "Орыс балғасы" лақап атымен танылған Дмитрий Кудряшов WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестінің оң нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшының айтуынша, жағдай "аса жағымды емес".

"Милдронатты допинг деп атауға ауыз бармайды. Ол боксқа көмектесетін препарат емес. Бұрын бұл дәріні жүрек бұлшықетін қолдау үшін қолданатынбыз. Оны бізге бұрын спорт дәрігерлері жазып беретін. Қазір тек оның метаболиттерін тапқан болуы мүмкін. Жәнібектің командасы мельдонийдің тыйым салынған препараттар тізімінде тұрғанын және оны қабылдауға болмайтынын білмеді деп ойламаймын", – деді Кудряшов.