Головкиннің тізімінде кімдер бар? World Boxing ұйымы жылды қорытындылады

Головкиннің тізімінде кімдер бар? World Boxing ұйымы жылды қорытындылады

фото: olympic.kz. Суретте: Төрехан Сабырхан

Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жылғы жаңартылған салмақ дәрежелері рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ боксшылары төрт салмақ дәрежесінде көш бастады. Ал қалған бес категорияның бірінші орындарын өзбекстандық спортшылар иеленген.

Қазақстан құрамасының өкілдері төмендегі салмақтарда рейтингтің басына шықты:

50 кг дейін — Санжар Тәшкенбай (1650 ұпай);

55 кг дейін — Махмұд Сабырхан (1650 ұпай);

70 кг дейін — Торехан Сабырхан (1500 ұпай);

90 кг жоғары — Айбек Оралбай (2025 ұпай).

Басқа салмақ категорияларында қазақстандық боксшылардың көрсеткіштері мынадай:

65 кг дейін — Ертуған Зейнуллинов (6-орын);

75 кг дейін — Сабыржан Аққалыков (11-орын);

80 кг дейін — Нүрбек Оралбай (2-орын);

85 кг дейін — Сұлтанбек Айбарұлы (5-орын);

90 кг дейін — Сагындық Тоғамбай (8-орын).