Ермахан Ибраимов допингпен ұсталған Әлімханұлы туралы сұмдық хабарды айтты

Ермахан Ибраимов допингпен ұсталған Әлімханұлы туралы сұмдық хабарды айтты

фото: sportinside.kz коллажы

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп, Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы төңірегіндегі жағдайға қатысты пікірін білдірді, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшының айтуынша, бұған дейін де алғашқы допинг сынамасы күмәнді болып, бірақ екінші талдаудан сүрінбей өткен спортшылар кездескен.

"Тарихта бірінші сынамада мәселелер болып, кейін екінші допинг-тесттен таза өткен спортшылар бар. Сондықтан асықпайық, екінші талдаудың нәтижесін күтейік", – деді Ермахан Ибраимов.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда өтуі жоспарланған Эрисланди Лара мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек кейінге шегерілді. VADA боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықтағанын хабарлағаннан кейін айқас тоқтатылды.

Premier Boxing Champions ұйымы шұғыл түрде Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітті. Енді Лара 34 жастағы колумбиялық боксшы Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) кездеседі.