2023 жылы өзіне қол салу статистикасы бойынша әлемдік рейтингте 178 елдің ішінде 19-орынға тұрақтадық.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанда 3,7 мың өзіне қол салу фактісі тіркелген.
Тек қана 2025 жылдың қаңтар айында 234 азамат өзін өлтірді — бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 адамға ғана аз.
Көп жағдайда ес-түзу күйде болған (177 адам), сирек — алкогольдік мас күйде (50 адам), тағы 7 адам психиканың басқа да ауытқушылық жағдайында болған.