7 адам қаза тапты: Елімізге танымал спортшылар жол апатынан қаза тапты

7 адам қаза тапты: Елімізге танымал спортшылар жол апатынан қаза тапты

фото: facebook Арсен Шакуов

Алматы – Бішкек тас жолында болған жойқын жол апатынан танымал спорт ардагерлері көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат ресми түрде расталды, деп жазады Sport24.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odyssey маркалы автокөлік HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Қатты соққының салдарынан оқиға орнында жеті адам қаза тапты.

Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті және "Общая Дорога" жол қауіпсіздігі ассоциациясының басшысы Арсен Шакуов кейінірек апаттан қаза тапқандардың алдын ала тізімін жариялады. Бұл тізімге есту қабілеті нашар спортшылар спортын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғалар кіреді.

Қаза тапқандардың қатарында Асыл Ибраимов, Дмитрий Мочальский, Смағұлов Сәкен, Сергей Волковинский, Серік Молдашев секілді жандар бар.