фото: JIM WATSONTETIANA DZHAFAROVA/Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла басшысы Николас Мадуроға отбасы мүшелерін ертіп, елден кетуі үшін бір ай мерзім бергенін Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.
Трамп қараша айында Мадуромен телефон арқылы сөйлесіп, 28 қарашаға дейін Венесуэладан қауіпсіз түрде шығуына мүмкіндік берілетінін ескерткен. Алайда Мадуро белгіленген уақыт шегінде талапты орындамаған. Осыдан кейін Вашингтон Венесуэланың әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады.
Reuters таратқан ақпаратқа сәйкес, АҚШ тарапының Каракасқа жеткізген хабары өте анық әрі қатаң болған:
Мадуро, оның жұбайы және ұлы елден аман-есен шығуына болады, бірақ ол үшін мемлекет басшысы дереу отставкаға кетуге келісуі қажет.
Сарапшылардың пікірінше, Трамп әкімшілігінің бұл әрекеті Венесуэла билігіне көрсетіліп жатқан саяси және экономикалық қысымды күшейтуге бағытталған. Әуе кеңістігін жабу — АҚШ-тың біржақты шешімі әрі Мадуроны биліктен кетуге мәжбүрлеу стратегиясының бір бөлігі ретінде бағаланып отыр.