Сүйінші, ағайын! Қазақ баласы бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке жетті

Сүйінші, ағайын! Қазақ баласы бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке жетті

фото: Қазақстан теннис федерациясы. Суретте: Әмір Омарханов

ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) ерлер арасындағы жекелей және жұптық сын бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ теннисшісі Әмір Омарханов бірден 241 орынға көтеріліп, 1100-орыннан 859-орынға орнықты. Мұндай айтарлықтай өсімге Тунисте өткен турнирдегі ойыны себеп болды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко да нәтижесін жақсартып, ATP рейтингінде 95-орынға көтерілді.

Елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик өз позициясын сақтап, әлемдік рейтингтің 11-сатысында қалды.

Әлемдік рейтингтің көшінде испаниялық Карлос Алькарас тұр. Одан кейінгі орынға италиялық Янник Синнер жайғасқан. Үздік үштік қатарын неміс Александр Зверев түйіндейді.