Қазақ балуаны өзіне уәде етілген пәтердің кілтін ұзақ уақыттан кейін алды (ВИДЕО)

Қазақ балуаны өзіне уәде етілген пәтердің кілтін ұзақ уақыттан кейін алды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Әлем және Азия чемпионы, еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпановқа Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

1 желтоқсанда Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде белдесулермен қатар бірқатар отандық спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

2024 жылы еркін күрестен 70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілті берілді.

Ал 2024 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қазақстан күрес федерациясынан 25 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды.