фото: turkystan.kz коллажы
Депутат Ринат Зайыттың анасы, Роза Сүлейменова, өмірден озды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол жұртшылыққа көңіл айтып, жаназа мен жерлеу рәсімі туралы ақпаратпен бөлісті.
"Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы мен жерлеу рәсімі Семей қаласында өтетінін айта кетейін (сұрап жатқан жұрт үшін)", – деп жазды Мақсат Толықбай.