фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жаңалығын жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
Өнер иесі 1 желтоқсан күні отбасында қыз баланың дүниеге келгенін хабарлады.
"Бүгін – 01.12.2025. Нұртан Ару Айқынқызы өмірге келді. Жұлдызыма мың алғыс! Мен сені жақсы көремін!" – деп жазды әнші.
Айқынның қуанышты жаңалығын естіген өнердегі әріптестері мен достары жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандары да ақ тілектерін жаудырып жатыр.