Әбиба бастаған қазақ дзюдошылары әлем кубогында сәтсіз өнер көрсетті

Әбиба бастаған қазақ дзюдошылары әлем кубогында сәтсіз өнер көрсетті

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam сериясының соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары финалдық кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

30 қараша күні қазақ дзюдошылары алғашқы кезеңде жеңіліп қалды. Атап айтқанда, жарыс жолын келесі спортшылар тоқтатты:

  • Ермахан Ануарбеков (90 кг дейін),
  • Нұрлыхан Шархан (100 кг дейін),
  • Марат Байкамуров (100 кг дейін),
  • Еламан Ерғалиев (100 кг жоғары).

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді жалғыз медальмен аяқтап отыр. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.