фото: ашық дереккөзден
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен ортақ оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Instagram желісінде екі ел құрамасының бірлескен отырысы түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда екі команданың жаттықтырушылар штабы мен спортшылары үлкен мейрамхананың залында бөлек-бөлек үстелдерге жайғасып, музыкалық аспаптармен орындалған романтикалық әуендердің сүйемелдеуімен түрлі тағамдардан дәм татқаны көрінеді.
Олардың арт жағында орналасқан LED-экранда Қазақстан мен Өзбекстан туының фонында екі тілде "Қош келдіңіздер" деген жазу жарқырап тұр.
Айта кетейік, 19 қарашада басталған халықаралық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тайланд құрамалары қатысқан.