"Жаныңыз жәннатта болсын": Нұрғали Нүсіпжановтың отбасында қайғылы хабар болды (ФОТО)

"Жаныңыз жәннатта болсын": Нұрғали Нүсіпжановтың отбасында қайғылы хабар болды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасының аңыз тұлғасы, халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың шаңырағына қайғы түсті. Өнер иесінің отбасы ауыр қазаға тап болып, жақын адамымен қоштасты.

Әншінің қайын енесі, жұбайы Жадыраның анасы дүниеден озған. Бұл жайлы Нүсіпжанов Instagram парақшасында өзі хабарлап, марқұмға арнаған терең мағыналы жүрекжарды жазбасын бөлісті.

"Қош болыңыз, періште ана… Аяулы ана, сіз бұл өмірде Аллаға мадақ айтып, Пайғамбарға салауат жолдаудан жаңылмадыңыз", – деп бастады ол қаралы жазбасын.

Әнші марқұмды иманды, ықыласты, үнемі елінің тыныштығын тілеп отыратын қасиетті жан ретінде еске алды. Оның айтуынша, мейірімге толы ананың шуағы үйдің берекесін арттырып, қара шаңырақтың қадірін асқақтатып тұрған.

Admin
Admin
Автор