"Кішкентайым алты айлық": Сәбит Әбдіхалықов үшінші некесі жайлы қуанышты хабарын жеткізді

"Кішкентайым алты айлық": Сәбит Әбдіхалықов үшінші некесі жайлы қуанышты хабарын жеткізді

фото: ашық дереккөзден

Актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықов өзінің отбасылық өміріне байланысты тың мәліметпен бөлісті. Өнер иесі жас актриса Динара Абдуллинамен шаңырақ көтергенін растады.

Тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында Сәбит Әбдіхалықов балалары мен немерелеріне қатысты да ашық айтты.

"Менің немерем қызымнан үлкен. Қызымның әпкесі бар. Кішкентайларымның алды бесте, екіншісі үш жаста, ал кішкентайым алты айлық", – деді Әбдіхалықов тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында.

Айта кетейік, жуырда Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы жары, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаевамен ортақ немересінің бір жасқа толу тойына қазіргі жұбайымен бірге қатысып, көпшіліктің назарын аударған болатын.

Admin
Admin
Автор