фото: McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов
Қазақстанның ерлер құрамасы Дубайда өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Команданы бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов бастап барады. Ташкенттегі бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтаған боксшылар жуырда Дубайға аттанады.
Қазақстан құрамасының толық құрамы:
- 48 кг: Теміртас Жүсіпов
- 51 кг: Даниял Сәбит
- 54 кг: Сәкен Бибосынов
- 57 кг: Оразбек Асылқұлов
- 60 кг: Серік Теміржанов
- 63,5 кг: Ертуған Зейнулинов
- 67 кг: Санатәлі Төлтаев
- 71 кг: Абылайхан Жүсіпов
- 75 кг: Сабыржан Аққалықов
- 81 кг: Ерасыл Жақпеков
- 86 кг: Дәулет Төлемісов
- 92 кг: Нұрмагамед Юсупов
- +92 кг: Нұрлан Сапарбай
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын бұл дүбірлі дода тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленеді. Әлем чемпионы атанған боксшыға 300 мың доллар табысталады.