"Қайраттың" қаһарманы Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады

"Қайраттың" қаһарманы Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Темірлан Анарбеков

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков биылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншылар тізіміне енді. Ол SofaScore жүйесі бойынша ең жоғары көрсеткіш – 10.0 бағасын алып, рекордтық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарияланған үздік жетілік тізіміне мына ойыншылар кірген:

– Фермин Лопес ("Барселона");
– Темірлан Анарбеков ("Қайрат");
– Йенс Петтер Хауге ("Галатасарай");
– Марк Флеккен ("Байер 04");
– Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид");
– Гульельмо Викарио ("Тоттенхэм");
– Фил Фоден ("Манчестер Сити").

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Кипрдің "Пафос" командасына қарсы матчта (0:0) тамаша ойын көрсетіп, ең жоғарғы баға – 10.0 алған болатын.