Қазақ футболының жауһары Дастан Сәтпаев әлемнің алпауыттарын таңғалдыра бастады

Қазақ футболының жауһары Дастан Сәтпаев әлемнің алпауыттарын таңғалдыра бастады

фото: Дамир Серік / Қазақстан футбол федерациясы. Суретте: Дастан Сәтпаев

Әлемге танымал футбол инсайдері әрі журналист Фабрицио Романо қазақ футболшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның "Челси" клубына трансферіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

26,5 миллионнан астам жазылушысы бар Романо X (бұрынғы Twitter) желісінде арнайы жазба жариялаған.

"Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасы матчында гол соққан алғашқы қазақ ойыншысы. Ол болашаққа бағытталған келісімшартқа қол қойып, "Челсидің" келесі жауһары атанды", – деп жазды инсайдер.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев тарихқа енген болатын: ол негізгі кезеңде Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды.