Үш минутқа жүрегі тоқтап, о дүниені көріп келген әйел ол жақта басынан не өткерді?

Үш минутқа жүрегі тоқтап, о дүниені көріп келген әйел ол жақта басынан не өткерді?

фото: ашық дереккөзден

Канададағы Альберта провинциясының тұрғыны клиникалық өлімді бастан өткергеннен кейін өмір мен өлім арасындағы әлемге көзқарасы түбегейлі өзгергенін айтты.

Кэлли Элуэйнстің айтуынша, оқиға кенеттен басталған. Оның өкпе қуысына ауа толып, жүрек пен қан тамырларын қысқан. Соның салдарынан жүрек соғысы тоқтап қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері әйелді қайта өмірге әкелу үшін үш минут бойы реанимациялық шаралар жасаған.

Төтенше жағдай кезінде Кэлли ерекше күйді сезінгенін айтады:

"Өз тәнімнен бөлініп кеткендей болдым. Мен деген ұғым жоғалғандай, бүкіл әлеммен бірігіп кеткендей күй кештім", – дейді ол.

Осы тәжірибе оның өлімнен кейінгі өмір жайлы түсінігін түбегейлі өзгерткен. Тіпті клиникалық өлім кезінде “менінен” ажырау бала кезден келе жатқан жан жараларын жеңуге көмектескенін айтады.

Оқиғадан кейін ол бұрын-соңды сезбеген ішкі тыныштыққа қол жеткізгенін жеткізді.

"Ұзақ жылдар бойы сырттан іздеген махаббаттың өз ішімде бар екенін сол сәтте түсіндім", – дейді Кэлли Элуэйнс.

Admin
Admin
Автор