Жұрт мақтаған жас талант Дастан Сәтпаев ел күтпеген әрекетке барды

Жұрт мақтаған жас талант Дастан Сәтпаев ел күтпеген әрекетке барды

фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Дастан Сәтпаев

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевтың "Копенгагенге" қарсы матчта қасақана сары қағаз алғанын растады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Уразбахтиннің айтуынша, бұл – толықтай оның тактикалық шешімі.

"Бұл – менің шешімім. Одан әдейі сары қағаз алуды сұрадым. Себебі оның екі ескертуі бар еді, шығып қалмас үшін "тазартып" алу керек болды. Бұл – тактикалық сары қағаз", – деді бас бапкер.

Жаттықтырушы сонымен бірге Сәтпаевты алдағы уақытта емдеу және қалпына келтіру кезеңі күтіп тұрғанын айтты.

"Ол емделуге кетеді, келесі ойында болмайтыны анық. Бірақ қалған екі матчқа толық дайындалады", – деді Уразбахтин.

Еске салайық, түнде өткен Чемпиондар лигасы матчында "Қайрат" өз алаңында даниялық "Копенгагенді" 3:2 есебімен жеңді. Сонымен қатар Дастан Сәтпаев негізгі кезеңде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы атанды.