Қазақ боксшысы өзбектің Олимпиада чемпионын өз елінде сабап тастады (ВИДЕО)

Қазақ боксшысы өзбектің Олимпиада чемпионын өз елінде сабап тастады (ВИДЕО)

фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақ боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинходжаевпен өткен спаррингтің видеосы тарап кетті. Кадрларда 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атақты өзбек боксшысына қысым жасап, бірнеше дәл соққы сериясын жасайды. Бұл сәт тәжірибелі чемпионды сәл абдыратып қалғаны байқалады. 

Айта кетейік, Өзбекстандағы бірлескен оқу-жаттығу жиыны 19 қарашада басталған. Оған Қазақстан құрамасының жетекші боксшылары, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд спортшылары қатысып жатыр.