фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Ресей бокс федерациясы (ФБР) биыл өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың толық тізімін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын дүбірлі дода 2-13 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді.
Ресей құрамасының әлем чемпионатына баратын боксшылары:
- 48 кг: Эдмонд Худоян
- 51 кг: Баир Батлаев
- 54 кг: Вячеслав Рогозин
- 57 кг: Андрей Пегливанян
- 60 кг: Всеволод Шумков
- 63,5 кг: Илья Попов
- 67 кг: Евгений Кооль
- 71 кг: Сергей Колденков
- 75 кг: Исмаил Муцольгов
- 80 кг: Джамбулат Бижамов
- 86 кг: Шарабутдин Атаев
- 92 кг: Муслим Гаджимагомедов
- +92 кг: Давид Суров
Әр салмаққа мықты спортшыларды жасақтаған Ресей құрамасы бұл әлем чемпионатында жоғары нәтижеге таласатынын байқатады. Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы да IBA өткізетін биылғы әлем біріншілігіне қатысатынын ресми түрде растаған.