Қазақ пен өзбек боксының жұлдыздары бір дастархан басына жиналды

Қазақ пен өзбек боксының жұлдыздары бір дастархан басына жиналды

фото: 1bol.kz

Ташкентте 19 қарашада басталған халықаралық оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ерлер құрамасының боксшылары Өзбекстан командаларымен кездесіп жатыр, деп жазды 1bol.kz.

Өзбекстан құрамасының бапкері Акмаль Хасанов Instagram-парақшасында қазақ және өзбек боксшыларының ортақ кешкі ас үстіндегі бейнежазбасын жариялады. Видеодан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші спортшылары – Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Махмұд Сабырханды көруге болады.

Ал өзбек жағынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов пен кәсіпқой бокста танылған Исраил Мадримов қатысқан.

"Ассалаумағалейкум. Керемет спаррингтен кейінгі берекелі дастарқан. Арамызда Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, жақында әлем чемпионы атанған Айбек Оралбай және екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов отыр", – деді Хасанов.

Айта кетейік, Ташкенттегі оқу-жаттығу жиынына Қазақстан құрамасының бірінші және екінші нөмірлі спортшылары қатысуда. Сонымен бірге Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд боксшылары да бірлескен жаттығу өткізуде.