фото: ijf.org. Суретте: Әбиба Әбужақынова
Қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттомен қайта жолығуы ықтимал, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Абу-Дабидегі осындай қарсыластыққа қалай қарайсыздар? 2025 жылғы әлем чемпионаты финалының ремейкі осы жұмада өтуі мүмкін: қазіргі әлем чемпионы Ассунта Скутто vs әлемнің вице-чемпионы Әбиба Әбужақынова. Бұған дейін италиялық спортшы жеңіске жеткен еді, бірақ бұл жолы бәрі басқаша болуы ықтимал. Бұл салмақта мықты дзюдошылар өте көп: Тара Бабульфат, Сабина Гилязова, Катарина Коста бар", – деп жазадышетелдік БАҚ.
Еске сала кетейік, 2025 жылы Венгрияда өткен әлем чемпионатының финалында Әбужақынова Скуттодан ұтылып, күміс медаль жеңіп алған. Бұл – қазіргі уақытқа дейінгі қазақстандық әйелдер дзюдосындағы ең жоғары жетістік.
Judo Grand Slam Абу-Дабиде (БАӘ) 2025 жылғы 28-30 қараша аралығында өтеді.