2025 жылғы маусымда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталып, 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот 9 сотталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына 120 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіріп беру туралы шешім шығарды.
Алайда марқұм болғандардың бірі – Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов бұл сот үкіміне үзілді-кесілді қарсы.
YouTube желісіндегі «Ел дауысы» арнасына берген сұхбатында ол былай деді:
«Шерзатты өлтірген адам олардың арасында жоқ. Бірақ кінәні солар мойнына алып отыр. Меніңше, жағдай осылай болып тұр. 9 жыл деген – өте ауыр жаза. Оңай емес. 5-6 жыл болса да жарар еді. Апелляцияға береміз. Ал енді 120 миллион өтемақыны қайдан қайтарамыз? Біз айына 500-600 мың табатындар емеспіз. Айлығымыз 80-85 мың теңге. Өзім күзетте істеймін, 85 мың аламын», – деді ол ашынған көңілмен.