Сүйінші, ағайын! Еліміздің бас педагогы барша мұғалімді қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! Еліміздің бас педагогы барша мұғалімді қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)

фото: Ulysmedia.kz коллажы. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ-қа берген сұхбатында мұғалімдердің жұмыс жүктемесін бөлу жүйесі жаңартылатынын айтты.

Министр қазіргі сағат бөлу жүйесі кеңестік кезеңнен қалған деген пікірмен келіспейтінін жеткізіп, соңғы жылдары аталған салада бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

"2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Осы заң аясында мұғалімдердің апталық жүктемесі 16 сағатқа дейін қысқарды. Бұған дейін бұл көрсеткіш екі есе жоғары болатын. Өзім де кезінде аптасына 42 сағатқа дейін жұмыс істедім", – деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, енді педагогтерге сағат бөлу процесі толық цифрландырылып, барынша ашық форматқа көшеді. Жүктеме мұғалімнің директорға жақындығына емес, нақты оқушылар саны мен сынып-комплектке қарай есептелмек.

"Қазір біз Еңбек министрлігімен бірге бұл процесті цифрландыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сағаттар оқушы саны мен сынып-комплектке байланысты бөлінетін болады. Мәліметтер цифрландырылып, ашық жарияланған кезде, қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Admin
Admin
Автор