фото: t.me/olympickz. Суретте: Геннадий Головкин
Италия астанасы Римде өтіп жатқан World Boxing конгресінде қазақстандық даңқты боксшы, Олимпиада жүлдегері және кәсіпқой бокстың бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин ұйымның президенті қызметіне ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жиында GGG ұйымдастыру комитеті мен делегаттардың алдында сөз сөйлеп, өз жоспарлары мен жұмыс бағыттарын таныстырды.
Головкин сөзінің басында бокстағы ұзақ әрі күрделі жолын еске алды:
"Мен боксқа ең қарапайым, шағын залдан келдім. Олимпиада жүлдесіне, жаһандық ареналарға апаратын ұзақ жолдан өттім. Бүгін мұнда рингтегі спортшы ретінде емес, осы спорттың болашағы үшін еңбек ететін адам ретінде келіп отырмын", – деді жаңа президент.