Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын ойсырата ұтып, әлемдік доданың финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын ойсырата ұтып, әлемдік доданың финалына шықты

фото: uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Ризабек Париж Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) айқын басымдықпен – 15:3 есебімен жеңді.

Финалда Ризабектің қарсыласы Иран балуаны – әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Олимпиаданың қола медаль иегері Амир Али Азарпира болмақ.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс медаль жеңіп алған тәжірибелі спортшы.