Шымкент қаласының Орталық ипподромында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан QAZAQSTAN KOKPAR CUP клубтық командалар арасындағы республикалық турнир қыза түсті. 17 қазанда басталған дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген жеті команда бақ сынап, екі топқа бөлініп өзара шеберлік байқасты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
А тобында ерекше ойын өрнегін көрсеткен Қазығұрт пен Шымкент командалары жоғары ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды.
В тобының үздіктері болып Аманат-Шу мен Меркі-Қант командалары танылды.
Осылайша, 21 қазанда өтетін жартылай финалдық жұптар төмендегідей белгіленді:
- Қазығұрт – Меркі-Қант
- Аманат-Шу – Шымкент
Жеңіске жеткен қос команда финалда шеберлік байқасады, ал жеңіліс тапқандар қола медаль үшін таласады.
- Өтетін орны: Шымкент қаласы, Орталық ипподром
- Кіру: тегін
- Жартылай финал: 21 қазан, сағат 10:00
- Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы
Бұл турнир ұлттық спортты дәріптеу мен көкпардың клубтық форматтағы бәсекесін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.
QAZAQSTAN KOKPAR CUP-тың жалпы жүлде қоры – 28,5 миллион теңге. Бұл – көкпар спортын дамытуға деген айрықша қолдаудың көрсеткіші.
- Бас демеуші: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры
- Бас серіктес: Спортты қолдау қоры
- Ақпараттық серіктестер: Qazsport және 24KZ телеарналары
Ұлттық ойынның беделін арттырып, жанкүйерлерді бір арнаға тоғыстырған бұл турнир көкпар жанашырлары үшін үлкен спорттық мереке болмақ. Шешуші матчтарды жіберіп алмаңыз!