Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшысы күлкінің астына қалды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшысы күлкінің астына қалды

фото: instagram/bakhodirdjalolov. Суретте: Баходир Жалолов

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтың Ташкентте өткен бокс кешіндегі жеңісі Ресей спорт сарапшыларының сынына ілікті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жалолов рингке бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген нигериялық боксшы Соломон Адебайоға қарсы шыққан болатын. Өзбек боксшысы төртінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, 2025 жылғы алғашқы мерзімінен бұрынғы жеңісіне қол жеткізді. Алайда бұл нокаут Ресей спорт телеграм-арналарында күмән туғызып, сынға ұшырады.

Ресейдің танымал спорт шолушысы Андрей Баздрев ("Ваших бьют" Telegram арнасы) жекпе-жекті көргеннен кейін таңданысын жасырмады.

"Жалолов Ташкентте бір-ақ соққымен бір жігітті тоқтатты. Ринг маңында Усик пен Кроуфорд отырған, олар Урванов пен Шахрам Гиясовтың негізгі жекпе-жегін күтіп отырды. Урванов 3,5 раундқа ғана шыдады, болды. Кешің сапасы төмен болды. Кроуфорд ондай бокстан кейін көңілін басу үшін Британияға ұшып, Юбенк – Бенн реваншын тамашалады. Ал Жалолов Торрестің айқасына да барып қайтар еді, бірақ барған жоқ. Жақсы болды – әйтпесе әл-Аш-Шейх сияқты демеушілер ақша тауып беріп, осындай деңгейсіз айқасты ұйымдастырып жіберуі мүмкін еді. Торрес төрт жыл бұрынғы әуесқой бокстағы Торрес емес", – деп жазды Андрей Баздрев.